Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қызметтері су тасқыны салдарын жою, су тасқынына қарсы іс-шараларды, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.
Мәселен, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 4,6 млн. астам м3 (тәулігіне 40 мыңнан астам текше метр) еріген қар суы сорылды, 370 мыңнан астам қапшық (тәулігіне 55 мыңнан астам) және 728 мың тонна инертті материал (тәулігіне 3 мың) төселді.
Жұмылдырылған күштермен және құралдармен 13 659 адам, оның ішінде 5 250 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл ретте мемлекеттік авиацияның тартылған әуе кемелерімен 1655 адам, оның ішінде 425 бала эвакуацияланды.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 6 034 адам, оның ішінде 2 386 бала бар.
«Жедел желі» телефондарына 604 қоңырау келіп түсті, 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастыруда.
309 жеке тұрғын үй мен 759 аула аумағынан су шығарылды. Бұл ретте 1 257 жеке тұрғын үй мен 400 аула аумағы су астында қалып отыр.
Су шайған 55 автожол, оның ішінде 1 көпір және 54 жол төсемі бақылауда.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарында жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 49 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.
Өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, ҚМ, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 8 458 адам, 2 124 техника, 808 су айдау құралы және 65 жүзу құралы, 12 әуе кемесі жұмылдырылды