Абай облысында екі шопан құтқарылды

Абай облысында екі шопан құтқарылды

Кеше сағат 17:30-дан бастап Абай облысының Көкпекті ауданында 1985 және 1990 ж.т. екі шопан ҚМ-нің МИ-17 тікұшағының көмегімен іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Шопандардың айтуынша, олар малды айдауға шыққан, бірақ Көкпекті өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қыстаққа өз бетінше орала алмаған.

Құтқарушылардың қабылдаған шараларымен 39 жастағы ер адам «Тассай-Көкпекті» автожолының көпірінен табылды, оны қайықтың көмегімен жағаға жеткізді. 33 жастағы екінші адам таңертең Көкпекті өзенінің маңындағы аралдан табылды. Ол Ми-17 тікұшағының көмегімен жағаға жеткізілді.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес.

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі