Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасуда. Су басқан 430 (3051 адам) үйден су айдау бойынша тартылған құрылымдардың жедел жұмысының арқасында 229 адам үйлеріне қайтты.

Қалған эвакуацияланған 2291 адам уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, 467 адам туыстарында. 282 бас жануарлар қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Өкен тәулікте, тәуліктің түнгі уақытын қоса алғанда, қауіпті учаскелерде шамамен 47 800 дана қап және 5 222 тонна инертті материалдар төселді, 231 874 текше метр су сорылды.

Ақтөбе облысында су тасқыны басталғаннан бері тәулік бойы жүргізіліп жатқан жұмыстар кезінде 729 996 текше метр су сорылды, тартылған күштермен 88535 қап және 10 039 тонна инертті материалдар төселді.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге жеке құрамның 1735 адамы, инженерлік техниканы, мотопомпаларды, жүзу құралдарын, жергілікті атқарушы органдарды, ІІМ, қорғанысты қоса алғанда, 413-тен астам техника, сондай-ақ Маңғыстау облысынан қосымша тартылған күштер мен ТЖМ құралдары жұмылдырылды.

Мүдделі қызметтер мен ұйымдардың қатысуымен республикалық және облыстық жедел штабтар – ЖАО, Қазсушар, Қазавтожол тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.

«Жедел желі» телефоны жұмыс істейді, оған ақпараттық сипаттағы 123 қоңырау түсті.

Өткен тәулікте Ақтөбе қаласының, Қобда, Ойыл және Мұғалжар аудандарының тұрғындарын алдын ала эвакуациялауға 400-ден астам құтқарушы жұмылдырылды, олардың үйлері Елек, Қобда және Жем өзендерінің су басу қаупі бар аймағында орналасқан.

Жалпы, халықты және аумақты су тасқынынан қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

 

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі