2024 жылғы 21 наурызда сағат 19:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Жамбыл ауданының «Ұзынқарғалы» өзенінде орналасқан «Қазселденқорғау» ММ филиалының гидропостының бақылаушысынан Қарғалы ауылынан жоғары сол жақ шатқалдан 2,4 шақырым қашықтықта «Ұзынқарғалы» өзенінің бассейнінде жергілікті жерде нөсер жаңбырдың қарқынды түсуі салдарынан көлбеу ағын пайда болып, ол жергілікті маңызы бар жол арқылы өтіп, «Ұзынқарғалы» өзеніне құйылғаны жайлы хабарлама келіп түсті.
Бұл ретте өзендегі су транзиттік режимде ағуда, ағызылған көлбеу ағыны өзен арнасын бөгемеді. «Қарғалы ауылы – Ұзынқарғалы бөгеті» автожолының учаскесінде балшық массасы шөгінді, жол төсемі бүлінбеген, өту жолы бар, балшық массасының көлемі анықталуды.
«Ұзынқарғалы» өзеніндегі көлбеу ағынының салдарынан судың лайлануы шамамен 2-3 баллды құрады. Лас және бұлыңғыр судың ауыз сумен жабдықтау жүйесіне түсуін болдырмау мақсатында «Биотранс» ЖШС қызмет көрсететін ұйымы Қарғалы ауылының абоненттерін «Ұзынқарғалы» өзенінен су берілетін ауыз судан ішінара ажырату туралы шешім қабылдады, ауылдың қалған бөлігі тереңдік сорғыларынан ауыз су алады. Суды өшірудің болжамды уақыты 2-3 сағатты құрайды: су толығымен тазартылғанға дейін және судағы бұлыңғырлық жойылғанға дейін.
Автожолды тазарту 2024 жылдың 22 наурызына жоспарланған. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД, «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері барды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі