ТЖ министрінің Атырау облысына жұмыс сапарының екінші күні

ТЖ министрінің Атырау облысына жұмыс сапарының екінші күні

Жұмыс сапарының екінші күні ТЖ министрі Чингис Аринов, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, департамент бастығы Нұрлан Жанабаев Құлсары қаласына барды.

Келген кезде министр Жылыой ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ғимараты мен өрт сөндіру бөлімін қарап, материалдық-техникалық базасымен танысты.

Содан соң «Казавиақұтқару» АҚ тікұшағымен Жем өзені мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына аэровизуалды шолу жасады.

Іс-шара барысында ықтимал су тасу қаупі және қамыс өртінің алдын алу шаралары, жүйелі өртті сөндіру тәсілдері талқыланды.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы