Жапония делегациясымен кездесу

Жапония делегациясымен кездесу

2024 жылғы 14 наурызда ТЖМ-де Жапонияның Жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігінің делегациясымен және «Katahira Engineers International» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілді.

Жапондық тарап автожолдар, метрополитен станцияларын, сондай-ақ теміржол көлігін салу кезінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік беретін Жапонияда қолданылатын құрылыс технологиялары мен шешімдері туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың барлық ықтимал тәуекелдерін ескере отырып, инфрақұрылым объектілерін жобалаудың маңыздылығы атап өтілді.

Тараптар табиғи апаттардың алдын алу бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасты, сондай-ақ өз ведомстволарының құрылымы мен құзыреттерін талқылады.

Кездесу барысында тәжірибе алмасу және апат қаупін төмендетудің жаңа технологиялары мен тәсілдерін талқылау бойынша ынтымақтастықты дамыту ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар азаматтық қорғау саласындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

 

 

ҚР ТЖМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті