СҚО су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

СҚО су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

«AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында су тасқыны кезеңіне дайындық барысы талқыланды. Бүгінде өңірдегі 87 елді мекенді су басуы мүмкін. Ол ауылдарда шамамен 5 мыңнан астам адам тұрады.

ТЖ департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихиннің айтуынша, су тасқыны қаупіне жедел ден қою үшін құрамында 472 адам және 134 бірлік техника бар құқық қорғау органдарының, ТЖД және Ұлттық ұлан бөлімшелерінің қызметкерлері қатарынан топ құрылды.

«Қазір департаментте халықты эвакуациялауға арналған 10 жоғары өтімді техника, 6 жол талғамайтын көлік, 7 жүзу құралы, 78 мотопомпа, 370 су өткізбейтін костюм мен 21 дана шатыр дайын тұр. Сондай-ақ 242 эвакуациялық пункт дайындалды», - деді Дмитрий Растихин.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметіне сүйенсек, қар жамылғысындағы су қоры 147 мм жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда көп. Жыл басынан елді мекендерден 1 миллион текше метрден астам қар шығарылған. Сондай-ақ, бүгінде 468 кентішілік су өткізу құбыры мен 8,6 км болатын каналдар мен арықтар тазартылып жатыр.

СҚО ТЖД баспасөз қызметі