Жетісу облысында су тасқынына дайындық жұмыстары жалғасуда

Жетісу облысында су тасқынына дайындық жұмыстары жалғасуда

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдармен су тасқыны қаупі бар екі елді мекенде 1,2 км су бұру арнасына жөндеу және 4,6 км өзен арналарына механикалық тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы шеңберінде, 92 км арық желілері, 66 км каналдар және 1728 су өткізгіш құбырыстары қар мен мұздан тазартылды. Су басу қаупі бар елді мекендерден 17 мыңнан астам текше метр қар шығарылды. 

Су тасқыны жағдайы күрделенген кезге 141 бірлік су сору мотопомпасы мен 264 бірлік техника әзірлікке келтірілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі