Абай облысының Семей қаласындағы жағдай туралы ақпарат

Абай облысының Семей қаласындағы жағдай туралы ақпарат

Семей қаласында сыртқы ауа температурасының көтерілуіне және қардың мол еруіне байланысты қаланың 4 аула аумағы мен 5 көшесі су астында қалды . 

ЖАО күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, тұрғындардың өтінімі бойынша "Теплокомэнерго" МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды. 

Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді.

Қосымша Садовая көшесіндегі арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды.

Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды.

Жұмыстарға ЖАО, Абай облысы ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылды.

Еріген суды сору жұмыстары аяқталды. 

Абай облысының ЖАО және ТЖД күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізілуде.

 

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі