ТЖМ нәзік жандыларды құттықтады

ТЖМ нәзік жандыларды құттықтады

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

Министр өз тағдырын азаматтық қорғау органдарындағы қызметпен байланыстырған, жауапты жұмысты жақындарына қамқорлықпен, балаларды тәрбиелеумен және отбасы ошағын сақтаумен ұштастыра алатын, отбасы ішінде қолайлы қарым-қатынас жасай алатын әйел әріптестерін құттықтап, алғыс білдірді.

Сонымен қатар, министр азаматтық қорғау жүйесінде әйелдер түрлі мамандықта жұмыс істейтінін, олардың еңбегі өте маңызды екенін атап өтті. Ер адамдарға тән мамандықта, атап айтқанда еліміздің азаматтары мен аумағын әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жолында нәзік жандылар адал және жанқиярлықпен еңбек атқаруда. Азаматтық қорғау органдарындағы қызмет әйелдерден белгілі бір дағдыларды талап етеді, кәсібилігі жағынан олар ер адамдардан кем түспейді.

Министрлікте күн сайын 3 мыңнан астам әйел адамдарды қорғау мен құтқарудың игі ісіне елеулі үлес қосып, қызмет өткеруде.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен 16 қызметкер мен әскери қызметшіге «мерзімінен бұрын» атақтар берілді, ведомстволық наградалармен 176 қызметкер, оның ішінде 27 қызметкерге – «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, 2 – Құрмет грамотасымен, 33 – грамотамен, 53 – алғыс хатпен марапатталды, 61 – алғыс жарияланды.

Салтанатты жиналыс министрліктің барлық аумақтық және ведомстволық бөлімшелерінде өтті, онда ТЖМ ұжымының әдемі жартысына құрмет көрсетіліп, марапатталды.

Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі