Атырау облысында қамыс өсімдіктерінің өртенуін сөндіру бойынша ақпарат

Атырау облысында қамыс өсімдіктерінің өртенуін сөндіру бойынша ақпарат

2024 жылғы 2 наурыздан бастап Атырау облысы Құрманғазы ауданында  Каспий теңізінің жағалауында Құрманғазы ауылынан 40 км жерде, Құрманғазы орманшылығы КММ аумағында 1000 га алаңда қамыс өсімдіктерінің жануы орын алды. Елді мекенге қауіп жоқ.

Ағымдағы жылдың 4 наурызда бастап әуеден барлау жүргізу үшін, ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Батпақты жерлерде 20 га аумақта қамыс өсімдіктерінің бықсуы орын алуда. Жалпы жанған аумақ көлемі 1000 га құрайды. Оның ішінде 200 га аумақ ТЖД күштерімен сөндірілген, ал 780 га аумақ өздігінен сөнгендігі анықталды.

Жануды жоюға Атырау облысы ТЖД, Құрманғазы орманшылығынан барлығы 37 адам, 1 бірлік техника, 4 мотопомпа, 3 моторлы қайық жұмылдырылды.

Жануды сөндіру жұмыстары жалғасуда. Айта кету керек, жердің сулы-батпақты болуы, жолдардың болмауы жануды сөндіруге қиындық тудыруда.

 

 

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі