
Өскеменде ХХХІІ - ерлер, Х - әйелдер, ІХ- жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы Чемпионаттардың жабылуы өтті. 28 ақпан мен 01 наурыз аралығында еліміздің әр өңірінен келген төрт жүзден астам өрт сөндіруші-құтқарушы біріншілік үшін күресті.
Төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов қысқы Чемпионаттардың салтанатты жабылуына қатысты.
Ол жеңімпаз спортшыларды марапаттап, олардың маңызды нәтижелерін атап өтті.
Шығыс Қазақстанның жас құтқарушылары төтенше жағдайлар министріне азаматтарға көмектесу үшін өз өмірлерін қатерге тігіп жүрген өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.
Қорытынды бойынша жалпы командалық есепте келесі командалар Чемпион атанды:
Ерлер арасында
1 орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
2 орын – Астана қаласы ТЖД құрама командасы
3 орын – Маңғыстау облысы ТЖД құрама командасы
Әйелдер арасында:
1 орын - Түркістан облысы ТЖД құрама командасы
2 орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
3 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы
Жасөспірім ұлдар арасында:
1 орын - Ақмола облысы ТЖД құрама командасы
2 орын - Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы
3 орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
Жеке біріншіліктегі қоссайыс бойынша орындар:
Ерлер арасында:
1 орын - 30,43 секунд нәтижесімен Черносвитов Максим, Шығыс-Қазақстан облысы
2 орын - 30,44 секунд нәтижесімен Текенов Бауыржан, Қарағанды облысы
3 орын - 30,67 секунд нәтижесімен Мағау Нұралы, Астана қаласы
Әйелдер арасында:
1 орын - 24,27 секунд нәтижесімен Дзолба Оксана, Алматы қаласы
2 орын - 24,32 секунд нәтижесімен Тұрсын Айдана, Түркістан облысы
3 орын - 24,44 секунд нәтижесімен Сыромяжко Юлия, Астана қаласы
Жеке және командалық сынақтардағы жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Чемпион командаларға жеңімпаздар кубогы табысталды.
Жеке жарыста жүз метрлік жолақтан өтуде үздік нәтиже көрсеткендер Чемпионатта алғаш рет «Алтын бұранды» номинациясымен марапатталды.
«Алтын бұранды» номинациясының жеңімпаздары
Ерлер арасында
15,79 сек нәтижесімен Текенов Бауыржан, Қарағанды облысы
Әйелдер арасында
16,86 сек нәтижесімен Тұрсын Айдана, Түркістан облысы
Үздік спортшылар 2024 жылғы 15-17 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» кубогына қатысу үшін іріктеледі.
Қысқы Чемпионаттардың жабылуының тосын сыйы Жамбыл облысының спортшысы Вячеслав Сәрсенбаевтың Алматы қаласы командасының мүшесі Аяулым Қуанышбекке жасаған үйлену туралы ұсынысы болды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі