Алматы облысының Қарасай ауданында электрсымдарының қысқа тұйықталуы ер адамның өліміне әкелді

Алматы облысының Қарасай ауданында электрсымдарының қысқа тұйықталуы ер адамның өліміне әкелді

2024 жылғы 25 ақпанда 02 сағат 49 минутта Алматы облысы ТЖД Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округіне, ардагер-9 саяжай қоғамыныңда, 

жалпы аумағы 68 ш.м. 

жеке тұрғын үйде өрт салдарынан төбе жабыны құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖ департаменті мен Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері жіберілді. 

Ең жақын өрт сөндіру бөлімінен қашықтық - 20 шақырым. Облыс орталығынан, Қонаев қаласынан өрт орнына дейінгі қашықтық - 100 км. 

Сағат 04-00-де өрт оқшауланып, сағат 05-03-те жойылды. 

Өрт орнында 1960 жылы туылған өмір белгілерісіз үй иесінің денесі табылды. 

Бастаптқы болжам бойынша өрттің себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. 

 

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімі жіберілді.

 

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 11 қызметкері мен 3 техникасы, Алматы қаласы ТЖД 3 қызметкері мен техникасы, аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері мен техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 3 қызметкері мен техникасы жұмылдырылды. 

Алматы облысының ТЖД-і азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және тұрғын үйдің электр сымдарының жарамдылығын бақылауға шақырады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі