2024 жылғы 23 ақпанда жұма күні еліміздің барлық өңірлерінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізілетін болады.
Сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.
Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты жер сілкінісі қаупі мен орын алуы кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру.
ТЖМ халыққа ескертуге құлақ асып, сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес береді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі