Іле өзенінің гидрологиялық бекетіндегі жағдай туралы ақпарат

Іле өзенінің гидрологиялық бекетіндегі жағдай туралы ақпарат

2024 жылғы 21 ақпанда Алматы облысы ТЖД Іле өзенінің гидрологиялық бекетінде-164 км, Қапшағай ГЭС-тен жоғары, посттан төмен мұздың кептелуі нәтижесінде су деңгейінің күрт өсуі байқалғаны туралы дауылды ескерту алды.

Су деңгейі 2024 жылғы 21 ақпанда сағат 8.00-де 462 см құрады, қыс мезгілінде сыни деңгейде су деңгейі - 500 см.

Алынған ақпараттың негізінде Іле өзенінің сағасынан ықтимал төгілуді көзбен шолып тексеру және бағалау үшін аумақтылығы бойынша орынға жедел топ жіберілді. Тексеру нәтижелері бойынша елді мекендерге қауіп анықталған жағдайда шаралар қабылданатын болады. Шарын ауылының ең жақын елді мекені 15-20 км қашықтықта орналасқан.

Бұл учаскеде тәулік бойы «Қазгидромет» РМК бақылау пункті жұмыс істейді.

21.02.2024 жылғы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша ауа райы Шарын ауылы: ауа райы ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы -7 градус аяз.