«Қазселденқорғау» ММ ақпараты бойынша 21 ақпанда Катонқарағай ауданында шамамен 8 сағат 40 минут, «Өскемен-Рахман қайнары» республикалық маңызы бар автожолында 436 шақырым жерде қардың көп түсуіне байланысты жалпы көлемі 7600 текше метр қар көшкінінің өздігінен түсуі орын алды. Зардап шеккендер мен қиратулар жоқ. Қар көшкіні жолды толығымен жауып тастады. Жол қызметтері тазалау жұмыстарын жүргізуде.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі