Сағат 17.10-да14 өрт сөндіру бөлімінің 101 пультіне аудандық полиция бөлімінен Қалбатау ауылынан шығарберісте спортшылар отырған шағын автобус тоқтап қалғаны, 13 адамға, оның ішінде 11 балаға жылыту пунктіне автокөлікті алып жүру үшін құтқарушылардың көмегі қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Олардың барлығы Өскемен қаласына бара жатқан Моңғолия Республикасының азаматтары.
Оқиға орнына келгеннен кейін Жарма ауданы ТЖ бөлімінің бастығы Қайрат Тлеугазин және бас маман Дидар Зейнолдин спортшыларды Жаңа Өзен елді мекеніне дейін ертіп, балалар лагеріндегі жылыту пунктіне орналастырды.
Медициналық көмек қажет болмады.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі