Елордалық құтқарушылар аяғы ауыр әйелге көмек көрсетті

Елордалық құтқарушылар аяғы ауыр әйелге көмек көрсетті

8 ақпанда сағат 17:44минутта елордалық Жедел құтқару жасағының құтқарушылары жоғарыөтімді жол талғамайтын ТРЭКОЛ техникасымен Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Шалқар ауылына аяғы ауыр әйел адамға көмек көрсетуге шықты. Құтқарушылар Астанадан 156 шақырым қашықтықта жатқан ауылға жетті, жол қозғалысы жолдың көрінуінің жоқтығынан және қатты желден қиындады. Келіп жетуі бойынша 1995 жылғы 37 апталық аяғы ауыр әйелді эвакуациялап, қалаға жолға шықты.
Құтқарушылардың ауа райының қолайсыздығына қарамастан аяғы ауыр әйелді қаланың ауруханаларының біріне аман есен жеткізіп, медициналық қызмет мамандарына тапсырды.

                                                                            Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі