Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауымен қалыптасқан жағдай туралы жедел ақпарат

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауымен қалыптасқан жағдай туралы жедел ақпарат

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты облыс аумағында 7 республикалық және 7 облыстық автомобиль жолдары жабылды.

7 ақпанда ТЖД және ЖАО күштерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді автожолдардың жабық учаскелерінде қар құрсауынан 269 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 бала, 71 шетел азаматтары. Сондай-ақ, 151 адам құтқарылды, оның ішінде 14 бала, 2 жүкті әйел адам, 6 шетел азаматтары.

Жолда құтқарылған адамдар жақын маңдағы жылыту пункттері мен елді мекендерге жеткізілді. Медициналық көмек қажет етпеді.
Қарғалы, Қобда, Әйтеке би, Алға, Мұғалжар, Хромтау, Байғанин аудан орталықтарында 386 адам, оның ішінде 20 бала бар жылыту пункттері орналасты.

ТЖД,  полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдармен жолда қалған адамдарды эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты жедел штаб құрылып, жедел желі  телефоны іске қосылды.

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі