Ақтөбе облысында авариялық-құтқару жұмыстары

Ақтөбе облысында авариялық-құтқару жұмыстары

Өткен тәулікте ауа райының нашарлауына байланысты облыс аумағында 5 Республикалық және 4 облыстық автокөлік жолдары жабылды.

Авариялық құтқару жұмыстарына ТЖД, полиция бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардан 135 адам және 67 техника қатысты.

Авариялық құтқару жұмыстары барысында 140 адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, 5 адам құтқарылды.

7 ақпанда Хромтау ауданында «Самара-Шымкент» автожолының 806-шы шақырымында «Шымкент-РФ-Новотроицк» бағыты бойынша жолаушылар автобусы бұзылды, онда 68 адам-Тәжікстан Республикасының азаматтары болды. Азаматтар Ақжар кентінің кемпингіне көшірілді.

7 ақпанда Әйтеке би ауданында «Самара-Шымкент» автожолының 965 км жабық учаскесінде жол бойындағы кемпингтен Қарабұтақ кентінің жылыту пунктіне дейін Өзбекстан Республикасының 56 азаматымен «Ташкент-Мәскеу» жолаушылар автобусы жүрді.

Ақтөбе облысы ТЖ департаменті өз өмірі және жақын адамдарының өміріне қауіп төндірмеу үшін облыс тұрғындарына келесі ережелерді сақтауды ұсынады.

Қысқы сапарға шықпас бұрын:

Ауа-райы болжамын мұқият оқып шығыңыз;

Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз;

Ақпаратты 112 құтқару қызметінің телефоны бойынша, сондай-ақ «Darmen» мобильді қосымшасының көмегімен нақтылауға болады;

«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған кезде елді мекендерге барудан және шығудан аулақ болыңыз;

Машинаны төтенше жағдайда аман қалуға мүмкіндік беретін қосымша, бірақ өте қажет жүкпен жабдықтау:

- отын қоры бар канистр (кемінде 20 л) және құюға арналған құйғыш;

- шай термосы және азық-түлік қоры;

- жылы киімнің қосалқы жиынтығы.

Ең бастысы, автомобиль техникалық жарамды күйде болуы керек.

 

Ақтөбе облысы ТЖД Баспасөз қызметі