Ақпараттандыру, байланыс және халықты құлақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум

Ақпараттандыру, байланыс және халықты құлақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум

2024 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС арасында ақпараттандыру, байланыс және халықты хабардар ету саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС ТЖМ бөлімшелерінде сұранысқа ие өнімдердің кең спектрін шығаратын Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің бөлігі болып табылады.

Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Б.М. Сыздықов ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт білдірді. Жауап сөзінде «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС бас директоры Зия Чамоглу өзі басқаратын кәсіпорын ТЖМ бөлімшелеріне қажетті өнімді уақтылы және сапалы шығару, олардың алдына қойылған барлық міндеттерді іске асыру және орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сендірді.

 ҚР ТЖМ

Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті