"Майқайыңалтын" АҚ аумағында барлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жұмыстар жүргізілуде

"Майқайыңалтын" АҚ аумағында барлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жұмыстар жүргізілуде

Ауыр техникамен шұңқырдың шетіне аппарель төселді және сақтандыру тросы арқылы шағын габаритті экскаватордың түсуі қамтамасыз етілді.

Автобустың болжамды орналасқан жерінде қазба жұмыстары жүргізілуде. Оның барысында автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты және құтқарушының сөмкесі табылды.

Тау жыныстарының тұрақсыздығы, пайда болған шұңқырдың астындағы бос орындар, топырақтың үнемі сырғып түсуі жұмыстарды жүргізуді қиындатуда.

Құтқарушылар өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арқан тартып, ол арқылы төменге вертикалды түрде түседі,  сондай-ақ экскаватор жүргізушісін сақтандырады. Жұмыстарды жүргізу үшін шамамен 4 км альпинистік арқан, толық көлемдегі альпинистік жарақ, кинологиялық есептоптар қолданылды.

Жұмыстар қиын жағдайда жүргізілуде. Жұмылдырылған барлық мамандардың өміріне үлкен қауіп бар. Автобустың болжамды орналасқан жерінде бос орындардың болуы мүмкін болғандықтан, іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде қайта құлау қаупі бар.

Нақты уақыт режимінде топырақтың сырғуын бақылауға арналған құрылғы орнатылған.

Жазатайым оқиғаны тергеу үшін ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаевтың төрағалығымен комиссия жұмыс істейді. Комиссия төрағасының өкімімен «Майқайыңалтын» АҚ жерасты кенішінің жұмысы тоқтатылып, 5 шағын комиссия құрылды. Объективті тергеу және жазатайым оқиғаның себептерін анықтау үшін 4 сараптамалық ұйым тартылды.

Жазатайым оқиғаның салдарын жою бойынша іс-шараларды тиімді жүргізу, сондай-ақ қайта құлауды ықтималдығына байланысты талдау, тау-кен жұмыстарын қайта бастау мерзімдерін қысқарту үшін ТЖМ мамандары халықаралық тәжірибені зерделеді. Таяу елдердің мамандарымен, сондай-ақ Қазақстан ТЖМ ардагерлерімен, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздікпен кеңестер өткізілді.

Зерттелген халықаралық тәжірибе іздеу-құтқару жұмыстары кезінде қолданылып жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік,

4 қаңтарда Павлодар облысының Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының жанында тазарту кеңістігіне 4 жолаушысы бар автобус құлады.

Сол күні ТЖД құтқарушылары қайтыс болған екі адамның денесін тауып, жер бетіне көтерді.

Зардап шеккен екі адамды және автобустың орналасқан жерін анықтау үшін «Алтыналмас АК» АҚ (Балқаш қаласы) мамандары мен ТЖД құтқарушылары оқиға орнында геосканерлеу жұмыстарын жүргізді. 5 метр тереңдікте (жалпы тереңдігі шамамен 100 м) жер астындағы сканерлеу нәтижелері бойынша автобустың ықтимал орналасқан жері анықталды.

Одан әрі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жедел штаб мамандандырылған техниканың төменге түсуі үшін траншея қазу туралы шешім қабылдады.

Коллоналық жолды кеңейту және техниканың өтуі үшін шекті рұқсат етілген аппарель-алаңды жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Іздеу жұмыстарына барлығы 145 адам, 53 бірлік техника, кинологиялық есептоптар және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.