Қарағанды облысында дауылды ескерту сақталады

Қарағанды облысында дауылды ескерту сақталады

Ауа-райының жақсаруына байланысты автожолдардың 13 учаскесінде, оның ішінде Республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде қозғалыс ашылды.

Автожолдардың 9 учаскесінде, оның ішінде Республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық күйінде қалып отыр.

Автожолдардың жабық учаскелерінде барлығы 142 адам және 66 техника жұмылдырылды.

Соңғы тәулікте ТЖД, ҚР ТЖМ 52859, полиция департаменті және жол ұйымдары күштерімен 76 адам құтқарылды, оның ішінде 7 бала, 237 адам эвакуацияланды, оның ішінде 34 бала, қар құрсауынан 15 автомобиль шығарылды, сондай – ақ 10 авариялық-құтқару 4 іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті атқарушы органдар алты жылыту пунктінде 191 адамды орналастырды, оның ішінде 14 бала.

Абай ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, Ақбастау ауылы Жәнібек қыстауы, 11 қаңтар сағат 04-00-ден бастап ТЖД күштерімен 10 қаңтар сағат 12-00-де мал іздеуге аттанған 2 шопан іздестірілуде.

Төтенше жағдайлар департаменті облыстың барлық тұрғындарын ескертеді!

Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз:                            

- Елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды!

- Жабылу орындарында көлік құралдарының кептелісін жасамауды!

- Жол бойындағы объектілер мен елді мекендерде қалуды сұраймыз!

Ауа райы жағдайлары туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар департаментінің  ресми беттерінде және әлеуметтік желілерде қадағалаңыздар!

Барлық оқиғалар мен төтенше жағдайлар туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласыңыз!

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі