Ұлытау облысының құтқарушылары жоғалған бес адамды аман есен тапты

Ұлытау облысының құтқарушылары жоғалған бес адамды аман есен тапты

2024 жылғы 7 Қаңтарда Ұлытау облысы ТЖД жедел кезекшісіне Тараз қаласының азаматшасынан 2024 жылғы 3 қаңтар күні Жамбыл облысы Тараз қаласынан Ұлытау облысы Ұлытау ауданының Коскөл ауылына сағат 18:00-де «Нива» автокөлігімен 5 жұмысшы (1981 ж. т., 1988 ж. т., 1973 ж. т., 1972 ж. т., 1968 ж. т.) жолға шыққаны байланысқа шықпай қайта оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

2024 жылғы 8 қаңтар күні сағат 09:00-де Ұлытау және Қызылорда облыстарының ТЖД, ПД, жергілікті атқарушы органдарының және тұрғындарының, туыстарының 30 адам және 3 бірлік техника құрамында Қоскөл ауылынан 250 км радиуста жоғалған бес адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде 8 қаңтарда сағат 17:55-те далада жоғалып кеткендер аман-есен табылды.  Зардап шеккендер жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес.

 

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі