Танысып қойыңыздар балалар – робокар «Айбо»!

Танысып қойыңыздар балалар –  робокар «Айбо»!

«Айбо» пиротехниканы дұрыс пайдаланбау салдарынан балаларды өрт шыққан пәтерден құтқарады және балаларға петардаларды ересектерсіз пайдалану қаншалықты қауіпті екенін айтады!

Технологияларды дамыту және ТЖМ трансформациясы аясында Алматы қаласы ТЖД ұсынысы бойынша су астында да, таулы аудандарда да тәулік бойы мониторинг жүргізетін құтқарушыларға көмекші ретінде «Айбо» робот–трансформерінің анимациялық бейнесі  жасап шығарылды.

«Айбо» қиындыққа тап болғандардың барлығына көмекке келуге, сондай-ақ төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуді үйретуге дайын.

Мультфильмнің мақсаты – бастауыш сынып оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Жылдың әртүрлі маусымдарындағы құтқару операцияларын көрсететін шытырман оқиғалы серияларды шығару жоспарланған.

 

Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі