ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Амангелді Нұғманов және Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысына келді. Өңірге сапары барысында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметімен танысты.
Ақтөбе облысы ТЖД бастығы полковник Нұрғали Жунусов өз баяндамасында 2023 жылғы есептік кезеңде департаменттің бөлімшелері авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға 4717 шығуды жүзеге асырды, нәтижесінде 908 адам құтқарылып, 2901 адам эвакуацияланды, 230 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті.
Ақтөбе облысының гарнизонын материалдық-техникалық жабдықтауды нығайту мақсатында 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 12 бірлік автотехника мен 134 бірлік құрал-жабдықтар сатып алынса, республикалық бюджет есебінен ағымдағы жылы 7 бірлік автокөлік және 70 бірлік құрал-жабдық сатып алынды.
Облыстың өрт қауіпсіздігін нығайту мақсатында авариялық жағдайдағы өрт сөндіру деполарының орнына 2 өрт сөндіру бөлімдері салынды.
Сонымен қатар Ақтөбе облысындағы аудандарда өрт сөндіру бөлімі мен бекеттер құру, кейбір өрт сөндіру бөлімдерінің авариялық күйде болуы және трассалық-медициналық құтқару бекетін құру сынды өзекті проблемалық мәселелер талқыланды.
Сенат депуттары Үкімет тарапынан өрт сөндіруші-құтқарушыларға үлкен қолдау көрсететінін, азаматтық қорғау органдарының одан әрі табысты қызметін іске асыру үшін енгізілген барлық мәселелер мен ұсыныстар ерекше бақылауға алынып, қаралатынын екенін атап өтті.
Сапар соңында сенат депутаттары №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметінің жеке құрамы мен өрт сөндіру техникаларымен танысты.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі