Оқиға орнында әлі де топырақ сырғып жылжуы болып жатыр. Опырылу шегі тұрақсыз. Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеп жатыр.
Оқиға орнына Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев келді.
Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары қосылды.
Оқиға орнында ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, "103" қызметі бөлімшелерінен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан барлығы 116 адам мен 23 техника жұмылдырылды.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі