Жетісу облысында қар құрсауынан 48 адам эвакуацияланды

Жетісу облысында қар құрсауынан 48 адам эвакуацияланды

2024 жылғы 4 қаңтар күні сағат 9:40-та Жетісу облысы ТЖ департаментіне «Үшарал-Достық» Республикалық маңызы бар автожолының «Теректі» учаскесінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты қар құрсауында автокөліктер тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

 Азаматтарды эвакуациялау үшін шақырту орнына Достық станциясының 10-ӨСБ жеке құрамы жоғарғы техникасымен жіберілді.

Оқиға орнына келгеннен кейін 48 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойғаны анықталды.

Қабылданған шаралармен Достық станциясына қарлы тұтқыннан Беларусь Республикасы азаматтарының 40 жүк көлігінің жүргізушілері және Қазақстан Республикасы азаматтарының 8 жүк көлігінің жүргізушілері эвакуацияланды.

Жетісу облысы ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырады. Дауылды ескертулер туралы SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмаңыз және алыс жолға шығар алдында барлық қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Алыс жолға шыққан кезде Қазавтожол ресми сайтында автожолдардың жабылуы туралы ақпаратты нақтылауға болады.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі