Өткен тәулікте 518 адам құтқарылды және эвакуацияланды

Өткен тәулікте 518 адам құтқарылды және эвакуацияланды

Жаңа жыл түні ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде қызмет атқарды.

Өткен тәулікте 31 желтоқсанда Қазақстан ТЖМ күштері 163 шығу жасады, оның 94-і өрттер мен жану оқиғаларына, 68-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға.

Бұл ретте 518 адам, оның ішінде 65 бала құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз.

Абай болыңыз!

Біз үшін әрбір өмір маңызды!