2023 жылғы 11 желтоқсан күні сағат 22:03-те Алматы облысының Жамбыл ауданында бір отар қойды баққан екі шопанның жоғалғаны туралы хабар келіп түсті. Болжамды геолокациядан өзге ақпарат жоқ, себебі жоғалған адамдармен байланыс болған жоқ. Республикалық жедел-құтқару жасағының 10 адамнан тұратын жедел құтқару тобы, оның ішінде 1 кинологиялық есеп өтімдігі жоғары үш автотехникамен ер адамдарды іздеуге шықты. Базадан іздеу орнына дейінгі арақашықтық 138 км құрайды.
Сағат 02.40-да құтқарушылар шопандарды Жартас ауылы ауданында даладан іздеуге кірісті. Іздеу операциясы жүргізілген кезде далада қатты жел, боран, аяз болды.
Сағат 09.55-те жоғалған бірінші шопан табылды, сағат 10.15-те екінші шопан да табылды. Екеуі де Жартас ауылы ауданында даладан табылды. Бақытымызға орай, адамдар қатты аязға қарамастан үсіп қалмаған, зардап шеккен жоқ. Шопандар далада бағытын жоғалтып, адасып кеткен екен. 1984 және 1982 жылы туған екі адам құтқарылды.
Егер сізге көмек қажет болса: 112 немесе 8(727) 372-15-60 (Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімі) қоңырау шалыңыздар.
ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы баспасөз қызметі