Қызылорда облысында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Қызылорда облысында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

«Жатақхана» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 2023 жылғы 6 желтоқсанда Қызылорда қаласында 5 қабатты жатақханада өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.

 Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға өртке қарсы қызметтің 47 қызметкері мен 8 бірлік техникасы, өзара іс-қимыл нұсқаулықтары негізінде барлық арнайы қызметтер жұмылдырылды.

Жүктелген барлық міндеттер толығымен орындалды. Құтқару жұмыстары кезінде газ-түтіннен қорғау буыны пәтерлерден 30 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялап, 4 тұрғынды жоғарғы қабаттардан автосаты арқылы, 6 тұрғынды «өмір кубы» арқылы құтқарды.

Өткізілген өрт-тактикалық оқу-жаттығу барысында жатақхана тұрғындарына өрт кезіндегі алғашқы іс-қимылдар, «112» немесе «101» нөміріне қоңырау шалу тәртібі  бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар техникалардың, өрт-техникалық құрал- жабдықтар мен жедел құтқару жасағының арнайы құрал-жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды.

 

 

Қызылорда облысы ТЖД