2023 жылғы 6 желтоқсанда қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында Ұйғыр ауданы ТЖБ қызметкерлері Ұйғыр ауданының білім бөлімінің Абай атындағы мектеп-гимназиясы «Асқар Забикуллин атындағы Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық клубының оқушыларымен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Іс-шараларды өткізу барысында «Асқар Забикуллин атындағы Жас өрт сөндірушілер» әскери патриоттық клубының оқушыларымен «өрт кезіндегі іс-қимыл», «жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздік қағидалары», «Алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану» тақырыптарында дәрістер өткізілді, сондай-ақ оқыту бейнероликтері көрсетілді.
Сонымен қатар оқу орнының орталық холында оқушылар мен оқытушылар үшін ашық қабылдау өткізілді. Онда «Асқар Забикуллин атындағы Жас өрт сөндірушілер» әскери патриоттық клубының оқушылары жадынамалар тарата отырып, өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін түсіндірді, сондай-ақ өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану көрсетілімін ұйымдастырды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі