Абай облысында дөңгелек үстел отырысы өтті

Абай облысында дөңгелек үстел отырысы өтті

Жыл сайын қыс мезгілі басталысымен Семей өңірінің су айдындарында оқиғалардың алдын алу үшін профилактикалық шаралар жүргізіледі.

Семей қаласы ТЖ басқармасында қаланың эвакуациялық комиссиясы және 2023-2024 жылдары су айдындарында балық аулау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша  ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. 2023 жылғы 5 қазаннан бастап Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы полиция басқармасымен, білім басқармасымен, жедел-құтқару жасағымен бірлесіп, волонтерлерді тарта отырып, судағы және балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша балықшылармен рейдтік іс-шаралар, әңгімелер мен нұсқамалар өткізілді. Рейдтер барысында қауіпсіздік ережелері бойынша көрнекі жадынамалар таратылды.

2023 жылдың қысқы кезеңінде барлығы 96 рейд, балықшылармен 339 әңгіме өткізілді, 333 дана көрнекі жадынама таратылды. Сонымен қатар қаланың барлық білім мекемелерінде қысқы кездегі қауіпсізідік тақырыбында әңгімелер өткізуде.

Семей қаласының ТЖ басқармасы балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі