2023 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысы ТЖД «көппәтерлі тұрғын үйдің 7-қабатындағы шартты өртті сөндіру бойынша жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығуға КҚБҰО бастығы С. Байсалбаев пен Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары В. Зобовтың басшылығымен Қонаев қаласы №1-ӨСБ жеке құрамы қатысты.
Оқу-жаттығудың мақсаты-халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту, көппәтерлі биік үйлер тұрғындарының төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы хабардарлығын арттыру.
Шартты өртті сөндіру барысында мынадай мәселелер пысықталды:
- жоғары дәрежелі шақыру бойынша шығу кестесіне сәйкес күштер мен құралдарды шығару;
- шартты өртті сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен тұрғын үйдің тұрғындары арасындағы өзара іс-қимыл;
- өрт сөндіру жедел штабының жұмысын, шешуші бағытты таңдауда, жағдайды бағалауда бірінші келген және кейінгі өрт сөндіру басшысының дағдыларын жетілдіру;
- өрттегі штаб пен тыл жұмыстары;
- өртті сәтті сөндіру үшін қажетті бөлімшелер мен техниканы өртке шақыру орнына күштер мен құралдарды шоғырландыру уақыты;
- жеке құрамның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтауы.
- орнату орындары, сондай-ақ өрт техникасына арналған кірме жолдар.
Алматы облысы ТЖД өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізуге жеке құрамнан 22 қызметкер мен 7 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, оқу-жаттығуға өрт сөндіру және төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысатын өрт-құтқару бөлімшелері, облыстың жедел қызметтері мен тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері тартылды.
Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаларды тыңдай отырып, жіберілген қателіктерге жол бермеу мақсатында анықталған қателер мен кемшіліктерді түсіндіре отырып талдау жүргізілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі