Ақмола облысында «Жатақхана» акциясы өтуде

Ақмола облысында «Жатақхана» акциясы өтуде

«Ақмола облысының жатақхана ретінде жайластырылған орындар мен жатақханаларда «Жатақхана» акциясы өтуде. Акция басталғалы бері өрт қауіпсіздігі ережелерін 40-тан астам бұзушылық анықталды»,- деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖ департаменті қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер арасынан мобильді топтар құрды.

«Профилактикалық іс-шаралар барысында электр сымдарының, газ, жылыту және электрмен жылыту аспаптарының жай-күйіне, сондай-ақ эвакуациялау жолдарына ерекше назар аударылады», - деп бөлісті Ақмола облысы ТЖД МӨББ бастығының орынбасары Манат Бегалин.

 

Ақмола облысы ТЖД баспаөз қызметі