ТЖМ республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін өзектендіруді өткізді

ТЖМ республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін өзектендіруді өткізді

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру шеңберінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетімен республикалық азаматтық қорғау қызметтері өзектендірілді.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес жаңадан құрылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдарды ескере отырып, «Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына (бұдан әрі - ҚРҮҚ) өзгерістер енгізілді.

ҚРҮҚ «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300001037).

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және

әскери бөлімдер комитеті