2023 жылғы 30 қарашада Төтенше жағдайлар министрлігінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде азаматтардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жетілдіру мәселесі жөнінде семинар-кеңес өтті.
Кеңеске Сот әкімшілігінің өкілдері С.М. Шамшинурова, Әділет министрлігінен Е.Е. Алауханов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы А.Е. Абдуллина және Б. К. Жақыпов және министрліктің жеке құрамы қатысты.
Кездесу барысында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қолдану мәселелері және оны қолдану тәжірибесін жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланып, ұсынымдар пысықталды.
ҚР ТЖМ Заң департаменті