Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде жұқа мұз адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Әдетте, қауіп жиі балалар мен балықшыларға төнеді. Алайда, егер сіз қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтасаңыз, оқиғалардан аулақ бола аласыз.
Мұз қату кезеңінде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент қызметкерлері аса қауіпті учаскелерде (су асты жерлерінде; көпірлердің астында; кіші арналарда; су ағыны көп орындардың жанында) патрульдеу жүргізеді, оның кезеңінде халықпен әңгімелер мен нұсқамалар өткізіледі және мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт өнімі таратылады.
Полиция департаментімен бірлесіп судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Департамент қызметкерлері әкімдікпен бірлесіп «Абайлаңыз, жұқа мұз» және «Мұзға шығуға тыйым салынады» (100 дана) тыйым салу және ескерту белгілерін орнатады.
Айта кету керек, ағымдағы жылы қала аумағында күзгі-қысқы кезеңде елорда су айдынында адам өлімі тіркелген жоқ. Бір құтқару оқиғасы тіркелген, онда бір жасөспірім суға түсіп кеткен. Оқиға ағымдағы жылдың 27 қарашасында болды, 17 сағат 29-да 112 пультіне Байқоңыр ауданында Ақ бұлақ өзені Аман көшесінде адам суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Батып бара жатқан жасөспірімді құтқарушылары келгенге дейін, сол жерде өтіп бара жатқан ер адам құтқарды.Жасөспірім 2006 жылғы бала. Ер адам жасөспірімді судан жағаға шығарып, оны жедел жәрдем бригадасына берді, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жасөспірім № 2 қалалық балалар аурухана дәрігерлерінің бақылауында. Бақытымызға орай, жасөспірім құтқарылды, бірақ кейде бұндай жағдай қайғылы жағдайға айналуы мүмкін.
Бүгінгі күні мұздың қалыңдығы 2 см, бірақ кейбір жерлерде мұз жоқ, бұл мұздың ауысу және мұзда балық аулау үшін қауіпті екенін білдіреді. Айта кету керек, мұздағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау жазатайым оқиғалардан сақтай алады.
Ережелерге сәйкес, мұзда қауіпсіз болу мұздың қалыңдығының жүктемеге сәйкестігі болып табылады. Бұл ретте мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін кемінде 10 сантиметрді, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру үшін кемінде 25 сантиметрді құрайды.
Мұздың қалыңдығын түсі бойынша анықтауға болады, мысалы, қатты мұз ол жасыл немесе көкшіл реңкпен мөлдір болған кезде. Мұздың түсі сұр және кеуекті болған кезде, мұндай мұз ескертусіз жарылып кетеді. Мұз ағысында, терең және желге ашық жерлерде, көпірлердің астында, кіші арналарда, кәсіпорындардың су қоймаларына төгілетін орындардың жанында, қамыс және басқа да су өсімдіктері өсетін жерлерде жұқа болады.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады:
мұздың жұқа және жетілмеген жерлеріне шығуға жол берілмейді;
қараңғыда және нашар көрінген кезде (тұман, қар, жаңбыр)мұзға шығуға болмайды;
мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды;
жіңішке, сықырлаған мұздың үстіна шыққан жағдайда, ақырын артқа бұрылып, жағалауға барар жолда сырғанау қадамдарымен оралу керек;
су қоймасын топпен өту кезінде бір-бірінен қашықтықты сақтау керек (5-6 м).
мұзда от жағуға тыйым салынады;
қалың қардың қабатымен жабылған жерлерде, бұталардың, шөптердің бетінен шығып тұрған жерлерде, ағындардың су қоймаларына құятын және коммуналдық кәсіпорындардың суын ағызатын жерлерде ерекше сақ болу керек.
Мұзда балық аулау кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта тесіктер жасау ұсынылмайды. Бұл ретте мұз астынан балық аулауға жеке құтқару құралдары (ысқырық, құтқару шильці, құтқару кеудешесі, диаметрі кемінде 11 миллиметр, ұзындығы кемінде 12 метр арқан, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон) болған кезде жол берілетінін атап өтеміз.
Елорда азаматтары мен қонақтарын қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз, сондай-ақ ата-аналардан балалардың мұзға өз бетінше шығуына жол бермеуін сұраймыз.
Астана қ. ТЖД баспасөз қызметі