Жас құтқарушылар «төтенше жағдайларды» еңсеруде

Жас құтқарушылар «төтенше жағдайларды» еңсеруде

Өскемен қаласының жас құтқарушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жарыстарда жеңіске жету үшін күреске түсті.  Спорттық іс-шараны ШҚО ТЖД және «№29 қосымша білім беру мектебі орталығы» КММ «Жас құтқарушы» орталығының қызметкерлері ұйымдастырды. 100-ден астам бала қарапайым кезеңдерден өтті:  зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету, тыныс алуға жарамсыз ортада әрекет ету, құтқару эстафетасы, өртті шартты түрде сөндіру және зардап шеккен адамды тасымалдау.

«Жыл сайын біз өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, оқушыларды төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерге дайындау, балалар тап болатын оқиғалардың алдын алуға көмектесетін ережелерді сақтауға саналы және жауапты көзқарасқа назар аудару үшін осы жарыстарды өткіземіз», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

Биылғы жылы №22 және №29 мектептердің екі командасы жеңімпаз атанды.

«Жас құтқарушылар өздерімен жұмыс істеп, қиын маршруттар мен төтенше жағдайларды еңсеру деңгейін арттырып жатқанын дәлелдеді», - деп атап өтті «№29 қосымша білім беру мектебі» КММ «Жас құтқарушы» орталығының басшысы Евгений Шатурный.

 «Маған жарыстарға қатысу ұнайды,  бұлең бастысы ТЖ кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздерін үйрету үшін пайдалы. Мен үшін ең қиын кезең құтқару эстафетасынан өткен кезде болды», - деп бөлісті №26 мектептің команда мүшесі Иван Асанов.

«Барлық командалар жақсы дайындалған. Қарсыластар өте мықты.  Өзім үшін көп нәрсені белгілеп, қиын жағдайда маған көмектесетін дағдыларды игердім», - деді №19 мектептің жас құтқарушысы Альмади Четтықбаев.

Жеңімпаздар ШҚО ТЖД құтқарушыларының грамоталарымен марапатталды.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі