Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тапсырмасы бойынша Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов бастаған ТЖМ делегациясы 2023 жылғы 16-18 қараша аралығында өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті растау жөніндегі органды одан әрі оның базасында құру үшін сынақ зертханасының материалдық-техникалық жай-күйін зерделеу мақсатында ҚР ТЖМ «Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту ұлттық орталығы» АҚ зертханалық базасына барды.
Жұмыс сапары аясында Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың, «АҚҒЗДОҰО» АҚ мамандары мен ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен кеңес ұйымдастырылды, зертханалық жабдықтар мен үй-жайларды тексеру жүргізілді. Сонымен қатар Алматы облысы Қарасай ауданының Жалпақсай кентінде орналасқан сынақ полигонының жағдайы зерттелді.
Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында Рамиль Камалов Бостандық ауданының Нұр-Алатау шағын ауданында жаңадан салынған төрт шығуға есептелген өрт сөндіру депосына барды. Депо бес шағын ауданның жалпы саны 32 мыңнан астам тұрғынын, сондай-ақ 94 кәсіпорынды өрттен қорғауды қамтамасыз етеді және өрт орнына келу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Тарихи № 14 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барып, 1989 жылғы 20 мамырда Алматы-1 теміржол тұйығында өрт сөндіру кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілерге арналған обелискке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті