Алматы облысында жоғалған азаматтарды іздеу жұмыстары сәтті аяқталды

Алматы облысында жоғалған азаматтарды іздеу жұмыстары сәтті аяқталды

2023 жылғы 7 қарашада сағат 16:30-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне ұялы нөмірден ер адамнан оның 1987 жылы туған ұлы мен 1961 жылы туған досы екеуі бірге таңертең «Мицубици Монтеро» автокөлігімен Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылына қарай кетіп қалғаны және сағат 12:30-дан бастап байланысқа шықпағаны жайлы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді. Аталған орыннан Нарынқол ауылына дейінгі қашықтық 60 шақырымды құрайды.

Оқиға орнына келгеннен кейін жоғалған адамдардың орналасқан жерінде ұялы байланыс болмағаны белгілі болды. Әкесінің телефонына шұғыл көмек туралы хабарлама келген.

Іздеу жұмыстары нәтижесінде сағат 22:30-да жоғалған азаматтар Нарынқол ауылынан 80 шақырым жерде Жарбұлақ учаскесінде табылды. Медициналық көмек қажет болмады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД 12 қызметкері мен 3 техникасы, 1 кинологиялық есеп және пилотсыз ұшу аппаратының бірлігі жұмылдырылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері мен техникасы, шекара қызметінің 2 қызметкері мен техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды жоспарланған маршрутыңыз туралы хабарлауға және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі