Балабақшадағы балалардың қауіпсіздігі

Балабақшадағы балалардың қауіпсіздігі

Өрт-тактикалық оқыту нысаны «Балдәурен» балабақшасы болды. Аталған іс-шара өрт сөндірушілердің практикалық дағдыларын дамыту, сонымен қатар балалар мен балабақша қызметкерлерін өрт кезіндегі дұрыс әрекеттерге үйрету мақсатында өткізілді. Оқыту сценарийі бойынша екінші қабаттағы перделер өртенді. Оқиға орнына дереу Қонаев қаласының №1 ӨСБ жедел қызметі шықты. Екінші қабаттағы адамды құтқару үшін құтқару текшесі қолданылды.

Жаттығу кезінде екі шартты құрбанның болуы имитацияланды, бала мен оқытушы жабық бөлмеде қамалып қалған. Бұл өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімшелері жеке құрамының кәсібилігі мен дайындығын тексеруге мүмкіндік берді. Өрт сөндірушілер зардап шеккендерді тез арада қауіпсіз жерге көшіріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Жылдам әрекет ету және барлық тартылған күштер мен құралдардың үйлесімді жұмысының арқасында өрт сәтті сөндірілді. Бұл ретті балабақша әкімшілігінің эвакуациялауды ұйымдастырудағы сауатты әрекеттерін атап өту маңызды – 20 адам, оның ішінде балалар мен ересектер ғимараттан еш зардап шекпей шықты.

Оқу-жаттығуға Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы, сондай-ақ №1 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы тартылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 1 бірлігі тыныс алуға жарамсыз жағдайда жұмыс істеді.

Мұндай оқу-жаттығулар балабақша қызметкерлерінің, жалпы тұрғындардың өрт кезіндегі әрекетке дайындығын және хабардарлығын арттыруға көмектеседі. Олар сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытады және өзінің және басқалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті түсінуге көмектеседі.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі