Төтенше жағдайлар министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша күш біріктіреді

Төтенше жағдайлар министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша күш біріктіреді

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшылығымен алғашқы жұмыс кеңесі өтті.
Азаматтық қорғау органдары қатарындағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактиканың тиімді тетіктері мен рәсімдерін енгізу бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Екі жақ өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын белгіледі.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов халықты министрлік қатарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға атсалысуға шақырған болатын. «Біздің қызметкерлеріміздің 99,9%–ы өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тігіп, өз қызметін адал және абыроймен атқаратын адамдар екенін мақтан тұтамын. Бірақ өкінішке орай, біздің қатарымызда ондай әрекеттерге жол беретін қызметкерлер де болуы мүмкін екенін мойындаймын», - деді ТЖ министрі.

Біріншілердің бірі болып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығы ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі