Құтқарушы күні: Жетістіктер туралы ...

Құтқарушы күні: Жетістіктер туралы ...

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 38 халықаралық келісім жасалды. Қазақстан ТЖМ БҰҰ бөлімшелерімен тығыз өзара іс-қимыл жасайды, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде табысты жұмыс жүргізеді.

Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар туындаған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, материалдық залалды азайту және ҚР жауапкершілік аймағында Каспий теңізінде экологиялық теңгерімді сақтау бойынша жедел және пәрменді шаралар қабылдау үшін Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұлттық теңіз авариялық-құтқару қызметін құру жөніндегі мәселені жоспарлы пысықтау басталды.

Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан «Жартасты қала-Астана» оқу – жаттығу полигонында «Қазқұтқару-2023» құтқару көпсайысы бойынша халықаралық жарыстар өтті. Мұнда түркі мемлекеттері ұйымының құтқару бөлімшелері – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және бақылаушы мемлекет ретінде Венгрия қатысты. Біріншілік үшін шиеленісті күрестің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы – Қызылорда облысының Жедел-құтқару жасағы чемпион атанды. Қазақстанның республикалық жедел-құтқару жасағының командасы вице-чемпион деп жарияланды. Екінші орын Өзбекстан Республикасының құтқарушылар командасына берілді. Үшінші орында - Қырғызстанның құтқарушылары.

Сол сияқты, біз биылғы жылы Түркия Республикасының Стамбул қаласында өткен өрт-құтқару спорты бойынша халықаралық әлем чемпионатында өнер көрсете отырып, әлемдік деңгейдегі ең үздік спорттық жетістіктерге қол жеткіздік. Қазақстан ұлттық құрама командасы ерлер арасында күміс жүлдегер және әйелдер арасында қола жүлдеге ие болды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі