Еріктілерді құтқарушы күнімен құттықтау

Еріктілерді құтқарушы күнімен құттықтау

Төтенше жағдайлар министрлігі ерікті ұйымдармен төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою, іздестіру
іс-шараларында және зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Еріктілер ұйымдары – бұл кәсіби өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға таптырмас көмек.

Еріктілер жұмысының тиімділігі еліміздің бірқатар өңірлерінде болған қысқы кезеңде, сел тасқыны, су тасқыны кезінде, жылумен жабдықтау объектілеріндегі авариялар және табиғи өрттер сөндіру кезінде төтенше жағдайларды жоюда көрсетілген.

Бүгінде ТЖМ 136 ұйыммен өзара іс-қимыл жасайды, онда 47 мыңға жуық еріктілер бар.

Өткен жылдан бастап іздестіру-құтқару жұмыстарына мыңнан астам еріктілер тартылды.

Олардың қатысуымен 1700-ден астам профилактикалық
іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауда ерікті ұйымдардың ерекше маңыздылығын атап өту қажет.

Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан еріктілерге төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға қосқан ерекше үлесі үшін алғыс білдіремін.

Өз іс-әрекеттеріңізбен сіздер жоғары азаматтық жауапкершілік пен шынайы патриотизмнің үлгісін көрсетесіздер!

Қоғам мен тұтастай мемлекеттің игілігіне бағытталған маңызды істеріңізде табыс тілеймін!

 

Қазақстан Республикасының

төтенше жағдайлар министрі

Сырым Шәріпханов