Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен полковник Нұрлан Бекбосынов Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Жаңа бастықты Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов таныстырды.

Нұрлан Бекбосынов 1971 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді. Еңбек жолын Жезқазған облысы ІІБ әскерилендірілген өрт күзеті Саяқ кентінің жеке бекетінің бастығы қызметінен бастады. Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2010-2023 жылдары Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бөлімшелерінде әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды. Бұған дейін Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.