Көп қабатты үйде өрт-тактикалық жаттығу өткізілді

Көп қабатты үйде өрт-тактикалық жаттығу өткізілді

Павлодар қаласы Набережная 7 мекенжайы бойынша орналасқан көп қабатты тұрғын үйде шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Сонымен қатар үй тұрғындарын эвакуациялауда тәжірибелік пысықтау және тұрғындарды өрт кезіндегі іс-қимылдарға оқытумен өткізілді.

Оқу-жаттығуға өрт және төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысатын өрт сөндіру бөлімшелері, жедел қызметтер және қаланың тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері тартылды.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша сағат 16:17-де 101 пультіне көпқабатты тұрғын үйдің 2-ші кіреберісінің 9-қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шығып, пәтер мен жоғарғы және төменгі қабаттарды қатты түтін басқаны туралы ақпарат түсті. Павлодар қаласы гарнизонының күштері мен құралдары шығу кестесіне сәйкес шақырудың жоғары рангы бойынш жіберілді.

Өрт сөндірушілер жоғары қабатты ғимараттарда өртті сөндіру тактикасын пысықтады, магистральдық желілерді сыртқы тәсілмен орналастырды, жедел-құтқару жасағы гидравликалық аспаптың көмегімен металл есіктерді ашып, адамдар эвакуацияланды, арнайы техниканы пайдалану арқылы 2 адам құтқарылды.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізуге Павлодар қаласы гарнизонының жеке құрамынан 32 адам мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін жүргізілген жұмыстарға талдау жүргізілді.

 

 

Павлодар облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

 баспасөз қызметі