Ақтөбе облысы ТЖД көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт тактикалық оқу жаттығуларды жалғастыруда

Ақтөбе облысы ТЖД көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт тактикалық оқу жаттығуларды жалғастыруда

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша 12 қабатты тұрғын үйдің 8- қабатындағы пәтерде тұрмыстық үй заттары  мен жиһаз жанып, салдарынан қатты түтін пайда болды. Пәтер иесінің 9-қабаттағы көршісі дереу түтінді байқап Ақтөбе қаласының өрт сөндіру қызметінің «101» желісіне өрт туралы хабарлайды.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері тұрғындарды түтін баспайтын баспалдақ маршы, автосаты және  альпинистік жабдық арқылы  адамдарды құтқарып, эвакуациялады.

Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері биік үйдегі өртті сөндіру тактикасын пысықтады. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін жүргізілген жұмыстарға талдау жүргізілді.

Бұл оқу-жаттығудың мақсаты-халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту, төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы тұрғындардың хабардарлығын арттыру.

Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 60 адам мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы білімдерін шыңдауға бағытталған үгіт-профилактикалық әңгімелер өткізілді.

Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

 

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы