Психология - адамның тұлғалық қасиетін зерттейтін ғылымның түрі

Психология - адамның тұлғалық қасиетін зерттейтін ғылымның түрі

Психология - адамның дара тұлғалық психикасын, ортамен қарым-қатынасын зерттейді. Ол адамның эмоциясын, тұлғалық қасиетін, мінез-құлқын зерттейді. Психология ғылымы бүгінгі күннің талабына орай қажетті және маңызды саланың бірі. Мемлекетіміздің басты байлығы адам дейтін болсақ, психология ілімі  адамның жанын зерттейтін сала. 

Қауырт қызметтегі мамандарға да моральдік-психологиялық қолдау аса қажет.  Осы бағытта Қызылорда өңірінде іссапарда жүрген ҚР ТЖМ Медициналық-психологиялық басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Светлана Мұратбекова мен бас маман-психологі азаматтық қорғау подполковнигі Дария Акитова Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне тематикалық тексеру жұмысын жүргізді.

Сонымен бірге ұжымдағы моралдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында анонимді сауалнама алып, жеке құраммен кездесу сағатын өткізді. Сонымен қатар бас маман-психологі азаматтық қорғау подполковнигі Дария Акитова Қызылорда облысы ТЖД психологі азаматтық қорғау подполковнигі Арайлым Тілеуқабыловамен бірлесіп, ұжымдық қарым-қатынасты жақсарту  мақсатында тренингті өткізді.

Тренинг әсерінің ерекше болғандығын атап өткен өңірдің қызметкерлері психология саласының кәсіби мамандарына алғыс білдірді.

 

Қызылорда облысы ТЖД