Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде ТЖМ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі С.Д. Шәріпхановтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары генерал-майоры Д. М. Малаховтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің уәкілетті органның қызметкерлері, ТЖМ аумақтық, құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен қатысуымен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін парасаттылыққа тексерудің пилоттық жобасын енгізу тетігін пысықтау мәселесі бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.
Осы кездесуде Төтенше жағдайлар министрі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығына азаматтық қорғау органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуда практикалық және әдістемелік көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
Сонымен қатар, С.Д. Шәріпханов жұмыс кездесуіне қатысушыларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің жүйелі тәсілі, жеке құрамның өтініші үшін «WhatsApp» мессенджерінде министрдің тікелей телефон нөмірін ашу, басшыларды ротациялау, аумақтық департаменттерде ТЖД бастығының кадр және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары лауазымдарын енгізу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы және тәрбие жұмысы бойынша топтар құру туралы өткізілетін іс-шаралармен таныстырды.
Министр өзінің бағынышты қызметкерлеріне барлық буындардың басшылары жүйелі профилактикаға, ескертуге және азаматтық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың қатаң жолын кесуге бағытталуы тиіс және қатарларды жосықсыз қызметкерлерден тазарту екенін жеткізді.
Аталған кеңесте Д.М. Малахов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өз ведомствосының және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерін парасаттылыққа тексеру бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Жұмыс кеңесінің қорытындысында С.Д. Шәріпханов азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін тексеру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тығыз өзара іс-қимылды ұйымдастыруды тапсырды.
Өз кезегінде Д.М. Малахов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда барлық көмек көрсетуге уәде берді.
ҚР ТЖМ кадр және тәрбие жұмысы департаменті